Текст
14-25 қараша аралығында мектепте мектеп алдындағы онкүндік өткізіледі. Онкүндікті өткізу жоспары мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінде талқыланып, бекітілді.
Онкүндікті өткізудің мақсаты білім алушылардың ойын технологиялары арқылы пәндерді оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; заманауи технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Математика негіздері бойынша, сөйлеуді дамыту бойынша пәндік олимпиада өтті. "Мен зерттеушімін"байқауын өткізді. Кітап бұрышын ұйымдастыру бойынша "Балаларға базарлық" байқауы өтті